CzeslawBassara

Чеслав Бассара

Құрметті достар,
Біз Сіздерге «Құдай Сөзін жариялау» қызметі беттерінен сәлем жолдаймыз!  Біз Сіздер үшін бата болғымыз келеді, өйткені Киелі кітап, Құдай Сөзі, біздер үшін бата болды. 

Осы қызметтің мақсаты миссионер болуды, методологияны немесе БІҚ бағдарламасынан сабақ  беру емес.  Осы қызметтің мақсаты – Киелі кітаптан сабақ беру!  Ұсынылатын Киелі кітап уағыздары, Киелі кітап уағыздарының жоспарлары және мақалалар сізге Киелі кітапты түсінуге, өз өміріңізге, қызметіңізге қолдануға көмектеседі!
Құдай Сөзіне тереңірек үңілген сайын, біз алға жүреміз, жаңа ұрпаққа Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялайтын боламыз!  Осы материалдарды қолдана отырып, маған және осы қызметіме сиыныңыздар, өйткені мен сіздердің сиынуларыңызға өте мұқтажбын! 

Др. Чеслав Бассара

Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Proclaiming the Word!

 

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).