Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Балалардың постмодернизм дәуіріне жетуі

1Шежіре 12:32

1.  Біздің балалар өмір сүріп жатқан уақыттың несімен айырмашылығы бар?

Постмодернизм дәуірінде өскен ұрпақтарымыз «кез-келген көру нүктесі – бұл бір нүктеден шығатын көзқарас» екендігін ұсынады.  Кейбір түсінікте ол солай да. Ал бізде  тек өзіміздің көру нүктемізден шығатын пікірлерді ұстану бағытымыз бар.  Постмодернизм ұрпақтарында модернизм дәуіріндегі аналитикалық рационализмге және білім мен сенімділік туралы арыздарына қарағанда менсінушілік бар. 

2.  Ойлау қабілетінің үш түрі:

2.1 Теоцентризм
2.2 Модернизм
2.3 Постмодернизм

3.  Постмодернизм ұрпақтарына Ізгі хабарды қалай жеткізу керек?

Ізгі хабарды тарқату сөзінен түсінгенімізді кеңінен ашу бізге қажет.

Постмодернистер дәстүрлік дәлелдерге негізделген, бір ілімнің қағидаларының ақиқаттылығын қорғайтын ілімді және таныстыруларды қабылдамайды.  Олардың сұрақтары өмір және нақты нәрселер туралы постмодернистік болжаулардан туындайды.  Мәсіхтің ілімдерін айта отырып, біз постмодернизмге көңіл аударуымыз керек.  Кез-келген қызметтің мақсаты адамдарға жауласудан, Құдайға қатысты сүйіспеншілікке өтуге көмек беру. (Заңдарды қайта жариялау 6:5). 

Бізге постмодернистік ұрпақтармен бірге иеленген жалпы нәрселерді бағалау керек.
Бізде постмодернистік ұрпақтармен қиылысатын нүктелер өте көп екенін, бізге мойындау қажет.  Постмодернистік мәдениетте бірнеше көз жеткізетін және бағалы нәрселер бар, олар жиі немесе толығымен мәсіхшілердің тарихи көзқарастарымен дәл келеді.  Олар жалпы негізді қалыптастырады, біз сол арқылы байланыстарымызды дамыта аламыз, мысалы: 

Батыстың мәдениеті алға жылжымай жатыр.
Біз алғашқы мәсіхшілер сияқты, ешқашан да сенген жоқпыз, адамзат қоғамы кемелденген әлемге келеді дегенге.  Інжіл бауырластықтағы мәсіхшілер осы теорияда постмодернистік ұрпақтармен келісуі мүмкін.  Біз адамдардан сұрай аламыз, егер технология бізді бос қиялға әкелмесе, онда біз қайда бағыт алудамыз?  Модернизм өте  белсенді, бірақ постмодернизм олай емес.  

Нәсілге бөліну және әділдік мәселелері.
Постмодернистік ұрпақтар нәсілге бөліну және жыныстар туралы мазасыздануда.  Біз де осы сұрақтардың қарастырылғандарын қалаймыз.  Бірақ әділдік пен теңдіктің өлшемдері не болады? 

Экология туралы мазасыздану.
Постмодернистік ұрпақтар ластануға қатысты кінәлаулар тағуда. Мәсіхшілер «үй басқарушысы» сияқты планета туралы одан да жоғары дәрежеде қам-қаракет жасау керек.
Біз олардың тілектерімен бөлісіп таза және одан да әдемі әлемде бірге өмір сүре аламыз.\

Көркемсурет творчествасына көңіл бөлу.
Біз елші Пауылдың Марс төбесінде олардың пайғамбарларын емес, сол мәдениеттің ақындарын атап айтқанын көреміз (Ел. Іст. 17).  Мәдениет дауыстары Құдайды қалай бейнелейтінін байқай отырып, олар бұны білместен істеп жатса да, мәсіхшілер творчестваны пайдалануы қажет.

Қарым-қатынас өте қажет.
Постмодернистік ұрпақтар шынайы қоғамды өте жоғары бағалайды, егер олар осындайды тапса.  Үшбірлік Құдайға деген біздің сенімімізбен, біз қарым-қатынастың бағалылығын адамның тәжірибесінің центрінен көреміз.   


Др. Чеcлав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).