Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Бізге еңсеміз түскен кезеңде Құдайдан жігер алу қажет

Еврейлерге хат 10:23-35 – Барлық Құдайдың адамдарына жігер алу қажет!


1. Ысқақ жігер алуға мұқтаж болды: «Мен сені ашаршылық болғанда да батаммен жарылқаймын!»


«Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп «Мысыр жаққа көшпей, Мен айтқан жерде қоныстанып, сол елде кірме ретінде тұра бер!  Саған әрдайым жар болып, батамды қондырамын, ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін сыйлап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын».  (Жар. Баст. 26:2-3).

(Жар. Баст. 26:12,13). 

Ысқақ тұрып жатқан елде ашаршылық басталды, бірақ Құдай оған Мысыр еліне бармастан, ашаршылықтың ашаршылығы болып жатқан жерде қалуын айтты.  Ол Ысқаққа осы елде батаммен жарылқаймын деп уәде етті.  Құдай Ысқақты осы елде гүлдендірді.  Ысқақ осы елде егін екті және жүз есе өнім алды.  Ысқақ атақты болып және ұлы адамға айналды. 

Сол сияқты біздің өмірімізде Құдай бізді де күреспен, жетіспеушілікпен және қиыншылықпен ұшырысқан жерде батасымен жарылқай алады.  Бізде де науқастанғанда және басымызға қауіп төнгенде, сол жағдайлардан қашуға азғырулар болуы мүмкін. 

Құдай Өзінің құдыретті күшін біздерге жақсы болу үшін көрсетуге уәде етеді, біз қайда жетіспеушілікке ұшырасақ және басымызға қауіп төніп тұрса, сол жерде жарылқап, гүлдендіреді.

2. Рахила: «...Құдай Рахиланы есіне түсірді!»

«Ақырында Құдай Рахиланы мейірімділікпен есіне түсіріп, тілегіне құлақ асып, оған да ана болу бақытын сыйлады.»  (Жар. Баст. 30:22).

Рахила ұзақ уақыт құрсақ көтермеді және Құдай оны ұмытып кеткендей болды.  Басқалары балаларды бірінен соң бірін босанып жатты.  Рахила жалғыз өзі ғана Құдайдың батасынан айырылғандай болып көрінді. Бәрі осылай болғанда, Құдай оны ұмытып кеткендей болды, Киелі Жазба айтады, «Құдай Рахиланы мейірімділікпен есіне түсірді!»  Рахила ұмытылған жоқ еді!  Құдай оны есіне түсірді, оның күңіренген даусын есітті, одан масқаралықты алып тастады және ұл берді.  Ол оны Жүсіп деп атады.  Рахиланың баласы Жүсіп басқа балалардан да жоғары болды.  Жүсіпті жарқыраған болашақ күтіп тұрды, ол Мысырда премьер-министр болды.  Рахилаға бата бірден келмесе де, ол өзгеше болды және басқаларының бәрін жауып тастады. 

Кейде өмірде  Құдай бізді ұмытып кеткен сияқты болады, ал басқалары Одан батаны бірінен соң бірін алып жатқандай болады.  Құдай Рахиланы есіне түсіргендей, әрине бізді де есіне түсіреді және бата сыйлайды, ол ерекше және ұзақ күткенімізге лайықты. 

Бізге қапаланудың қажеті жоқ, бірақ үмітпен және сеніммен Құдай біз үшін дайындаған батаны күтуіміз керек.

3. Жақып: «Мен Лабанның сенімен не істеп жатқанының бәрін көріп жүрмін».

«...Өйткені Лабанның саған не істегенінің бәрін көріп жүрмін.»  (Жарат. Баст. 31:12).

Жар. Баст. 31:12-41

Лабанның жаман қылықтарын басынан өткізген Жақыпқа, 20 жыл қиындықтан кейін, Құдай одан кетіп және өзінің әкесінің үйіне оралуын айтты.  Ол Жақыпқа: «Мен Лабанның саған не істегенінің бәрін көріп жүрмін», - деп айтты.  Жаратқан Ие Жақыпты Лабаннан босатты.  Лабан Жақыпты ұзақ уақыт бойы алдап және әділетсіздік жасағанымен, Құдай осыны елеусіз қалдырған жоқ.  Құдай барлық әділетсіздікті және Жақып шыдап келген езгінің бәрін көрді, енді Ол Өзі араласып және оны босататын уақыт келді. 

Құдай бәрін біледі, біз өмірде нелерден өтетінімізді, барлық ауыртпалығымызды және біздің басымыздан өтетіндердің бәрін.  Біз сондықтан Құдай біздің басымыздан өтетін барлық қиыншылықтарды білмейді деп ойлап, қапаланбауымыз керек. 

Құдай біз ұшырасатын барлық әділетсіздікті және басқалардың бізге жамандық жасағандарының бәрін біледі.  Ол Өзі араласып және бізді езгілеушілердің және зұлымдардың қолынан құтқарады.      

4. Ілияс: «Сені енді алда ұзақ жол күтіп тұр!»

«Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, бір арша бұтасының астына келіп отырды.  Ол өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр.  Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», - деп мінажат етті.  Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып ұйқтап кетті.  Кенеттен бір періште Ілиясты түртіп оятып: «Тұр да мынаны жеп ала ғой!» - деді.  Ілияс жан-жағына қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті.  Жаратқан Иенің періштесі қайтадан келіп, оны түртіп оятып: «Тұр да тамақтан.  Әйтпесе алдағы жүретін жолың тым ұзақ болады», - деді.»  (3 Патшалық 19:4-7).

3 Патшалық 19:1-7, 15-16;  4 Патшалық 2:1-11

Ілияс өз өміріне Езабел жағынан қауіп  төнгенде, ол еңсесі түсіп және өзіне өлім тілеп мінажат етті.  Ол Құдайға: «осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр», - деп айтты.  Ол өмір сүргеннен, өлгенім артық деп сезінді. Ілияс өмірінен ешқандай да бір мақсат көрмеді. Құдайдың оған деген тағы бір қиын жұмысы барын ол түсінбеді.  Құдай оған Өзінің бір періштесін жіберіп және күш берді.  Ол айтты, оны тағы алда ұзақ жол күтіп тұрғанын.  Құдай оған тағы маңызды тапсырмалар дайындап қойды.  Ол екі елдің патшаларына май жағу рәсімін өткізуі керек, ал өзінің орнына Елішені пайғамбар етіп тағайындауы керек еді.  Одан басқа Құдайдың жоспарына, Ілияс өз өлімін көрместен, тірідей, жалындаған отты
ат арбамен, көкке кетуі кіретін.  Еңсесі түскен Ілияс, Құдайдың оның өміріне деген керемет жоспарын түсінбеді.  Оның орнына, ол өлім тілеп мінажат етті.  Бірақ Құдай оны жігерлендірді және өзінің өмірінің мақсаты мен алдын-ала белгілеген міндеттерін орындауға көмектесті. 

Кей-кездерде біз де өз өміріміздегі ауыртпалықтарға қапаланамыз, Құдай бізді алып кетсе, осы өмірден өте қатты шаршадым дейміз.  Бізді әлі ұзақ жол күтіп тұрғанын түсінбейміз, Құдай бізге әлі көп жұмыстар дайындап қойған.

Құдай бізді алға жүруге және Оның Патшалығы орнатылуы үшін, Ол белгілеген  барлық тапсырмаларды аяқтауға жігерлендіреді. 



Др.Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)


Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).