Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Егер бізде Құдай бірінші орында болмаса, біз ретсіздік жасаймыз.

Иеремия 2:1-37

Иеремияның кітабында үш түрлі оқиға сипатталған. 

Бірінші оқиға Иеремия есімді жас жігіт туралы.  Құдай Иеремияны өте қиын жұмысты орындауға таңдады.

Екінші оқиға Құдайдың таңдап алған Исрайл халқымен байланысты.  Құдайдың жетегінсіз және жалған тәңірлерге табынумен көптеген жылдар өткенде, Құдай бұны енді жеткілікті деп шешті.  Ол Иеремияға еврейлерге суық хабарды жеткізуді тапсырды, олар бабылдықтардың тұтқынына алынатын болды. 

Үшінші оқиға Құдайдың Өзімен байланысты болды.  Әке жаралы жүрекпен,  Өзінің балалары Одан алыстап, қарсы шыққанына қарап тұрды. 

Егер де Құдай біздің өмірімізде бірінші орында болмаса, біз өте қиын жағдайға тап боламыз.  Егер Құдай сенің өміріңде бірінші орында болмаса, сен ретсіздік жасайсың. 

Құдайдың таңдаған халқымен, Исрайлдықтармен де осылай болды.  Олар басқа халықпен және олардың жалған тәңірлерімен ойнай бастады. Оларда яһудей сеніміндегілерден бөлек халықтармен некелесу(үйлену)пайда болды. Олар осы жағдайларды бақылаймыз деп ойлады, бірақ осы нәрсе керісінше оларды бақылады.

1-ші Ескерту – Сен Құдайдың өлшемдерінен басқа нәрселердің соңынан ерсең, онда сен пәлеге апаратын тайғақ жолда тұрғаның. 

Иеремия Исрайлдықтардың дағдарысқа ұшырағанын өте жеткілікті ұғындырды:

«сонымен бірге әрбір биік төбелерде және әрбір ағаштың бұтағының астында азғындық жасады.»  (Иеремия 2:20b).

Исрайлдықтарға олардың көршілерінің шөптері жасылырақ болып көрінді.  Осылайша олар жалған тәңірлер мен жалған құдай Бағалға табынып, басқа жаққа өтіп кетті.  Олар жалған құдай Молохқа өз балаларын құрбандыққа шалып, өртеді.  28-ші аят олардың қанша қаласы болса, соншама құдайлары болғандығын айтады.  Олар жыныстық қатынаста азғындық жасап, адал өмір сүрген жоқ.  Құдай айтады: «Енді жеткілікті».  Алғашында бұл ренжитіндей болып көрінбеді.  Жыланның баласы да осындай болып көрінеді, артыңа бұрылып қарауға үлгірмейсің ол сені шағып алады.  Артқа қарауға шамаңды келтірмей, сені жығып салады, сен осылайша үлкен пәлеге тап боласың.  Құдайдың өлшемдерінен басқаның соңынан еру, пәлеге ұшырататын тайғақ жол болуы мүмкін. 

2-ші Ескерту – Құдайсыз жетекшіліктің соңынан еру құдайсыз өмірге алып келеді.

Исраилдықтар тура осыны істеді.  Олар құдайдан қорқуды талап еткен құдайсыз жетекшілерге шыдады.  «Діни қызметкерлер айтқан жоқ: «Жаратқан Ие қайда?-деп: , Заң мұғалімдері Мені білген жоқ, бақташылар Меннен кетіп қалды, пайғамбарлар Бағалдың атымен пайғамбарлық етті және көмектеспейтін жалған тәңірлердің соңынан ерді.» (Иеремия 2:8).

Исрайл діни жетекшілері Құдайды іздемеген халық болды.  Билер Құдайды және Оның ғұрыптық негізін білген жоқ.  Патшалар Құдайға қарсы шығып және Құдайдың орнына өздерінің патшалығын құрды.
Уағыздаушылар Құдай Сөзінің орнына Бағалдың кітабын уағыздады.  Біз құдайсыз жетекшілердің соңынан ере бастасақ, онда жақын арада олардың өміріндегі болып жатқандарды біз де істейміз. 

3-ші Ескерту - Өзіңді Құдайдың алдына қою, өзіңді құлауға қойғаныңды білдіреді.

Исрайл Жаратқан Иенің жолынан, біздің жол артық деп шешті:

«Менің халқым екі жамандық жасады:
Мені, тірі судың көзін тастап кетті,
және суды ұстап тұра алмайтын ,
жарылған су шұқанақтарын қазды.»
(Иеремия 2:13).     

Исрайлдықтарда ағып жатқан, салқын, қазір ғана алынған таза су көзі болар еді.  Олар немесе ақпайтын, тұрып қалған жаман шұқанақтан алынған суды ішер еді. 
Исрайл өз жолымен жүріп және өзінің қалағанын істегісі келді. 
Өзін бірінші орынға қойып, Құдайдың орнында болу дегеніміз, өзіңді құлауға дайындауды білдіреді. 

4-ші Ескерту – Тәубе етуге немқұрайлы қарау тас жүректікке әкеледі.

Исрайл  күнә жасағандарын мойындауға және өздерінің зұлым дықтарына тәубе етуден бас тартты.  Нәтижесінде олардың жүректері тас болып қалды және тыңдамастан өмір сүрулерін ары қарай жалғастыра берді.  Соңында Құдай халқын орындарынан сыпырып алады, өйткені олар Оған келуден бас тартты. 

«өйткені олар Маған теріс қарап, беттерін жауып тұрды.»
(Иеремия 2:27б).

Олардың зұлымдықтарының нәтижесінде не болды?  37 тарау бізге айтады, Құдай Бабыл халқының басқарушыларын Иерусалимге қарсы шығуға жібереді.  Олар қалаға шабуыл жасап, соңында оған кіреді.  Яһудейлердің патшасы тыңдамағаны үшін ұсталып, тұтқынға алынады.  Оны балаларын қалай өлтіргендерін көруге мәжбүр етті.  Оның көзін ойып, аяқ-қолын шынжырлап және өмірінің соңына дейін абақтыға жапты.  Иерусалимдегі сарай күл болып жанып кетті.  Егіндіктердің бәрін құртып жіберді, қаншама отбасын қырды.  Көбісін Бабыл еліне құлдыққа алып кетті. 

5-ші Ескерту – Күнәнің салдары бар.

Ол бірден немесе келесі аптада болмауы да мүмкін, бірақ күнәнің әрқашанда салдары болады. 

«сонымен біліп ал және ойлан, өзіңнің Құдайың Жаратқан Иені тастап кеткенің қандай жаман және ащы.» 
(Иеремия 2:19б).


Мүмкін бізде сондай азғырылу пайда болуы мүмкін, біздің біреуміз де мінсіз емес екендігіміз туралы ойланғанда, біз бәріміз де осы аурудан қандай да бір дәрежеде азап шегудеміз, Киелі кітап оны «күнә» деп атайды; Құдай – сүйіспеншілік Құдай болғандықтан, бұның бәрінің де үлкен мәні жоқ.  Ол біздің кішкене күнә жасағанымызға мән бермейді деуіміз мүмкін.Өкінішке орай, бұл біз ойлағандай емес.  Құдай бізді өте қатты сүйсе де, Оның киелілігі, әділдігі осындай,
Ол жамандықпен бірге тұра алмайды.  Аббақұқ және Ишая пайғамбар айтқандай: Сенің таза көздеріңе зұлымдыққа көз салу, сиыстырмауға қарау тән емес» (Аббақұқ 1:13), «Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді!  Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді.  Сондықтан да Тәңір Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды.» (Ишая 59:2). 




Др. Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).