ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Елші Пауылдан шақыру
Құдайға ұнамды өмір сүруді бізде ояту үшін, елші Пауыл (Ефес.хат 5) келесі орындарды қарастыруға шақырады:
1. Ғибадатхана (1-7 аяттар)
Ғибадатханада ол біз үшін әкелінген Исаның құрбандығы туралы еске түсіреді. Күнә Құдай үшін жек көрінішті және Оның мұрнына ол – сасық иіс (Ишая 3:23). Егер біз сүйіспеншілікпен жүретін болсақ, біздің өміріміз тірі құрбандықтай болады (Рим. хат 12:1-2; Філіп. Хат 2:17), Жаратқан Ие үшін жұпар иістей боламыз (Жохан 12:1-8).
2. Егістік (8-14 аяттар)
Содан кейін Пауыл егістікке барады, бізге өнімдерді көрсетуге (8-14 аяттар) және нұрда жүргендер рухани өнім әкелетінін еске түсіруге.
Егер біз нұрда жүретін болсақ, онда біздің түнекпен байланысымыз болмайды(2 Қор.хат 6:14-18).
3. Сауда орыны (15-17 аяттар)
Содан кейін елші Пауыл бізді базарға әкеледі (15-17) және «әрбір сәтті дұрыс пайдаланатын» жақсы саудагерлерге ұқсас болуымызға көзімізді жеткізеді.
4. Банкет залы (18-21 аяттар)
Біз содан кейін елшімен бірге банкет залына барамыз (18-19 аяттар), Рухтың жетегінде қалай жүруді үйренеміз (Ғалат. 5:16-26).
Егер біз Рухтың жетегінде жүрсек, онда біз қуанышты, алғыс айтуды білетін және бір-бірімізге мойынсұнатын боламыз.
5. Жан-ұя (22-23 аяттар)
Пауылдың соңғы келетін орыны – үй (22-33), ол осы жерде Мәсіх пен қауымның қатынасына некелесу суреттемесін пайдаланады. Мәсіх бізді сүйді және біз үшін өлді, бүгін Ол бізді сүйеді және біздің қамымызды жейді. Осындай жақындасу өмірі Сүлейменнің Әндердің Әні кітабында келтірілген және кім өзін Оған берсе, әрбіреуімен дәл осылай болады да.
Егер біз Тәңіріміз Исаға бағынсақ, біз басқалар үшін бата боламыз.
Др. Чеслав Бассара (
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
; www.proword.eu)