Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Жер астынан шыққан дұға (Гадеса)

Лұқа 16:19-31
Яһуда 22,23
1Қорынт. 16:15

Миссия дегеніміз не? 

Миссия – бұл басқалардың Ізгі хабарды есітуі үшін, өзін толық арнау қызметі болып табылады!

Менде Құдайға өзімді бағындыру және өзім кездесетін адамдардың тозаққа бармауына бар мүмкіндікті жасауға деген құштарлық бар ма? 

Менің атқаратын міндетім қандай?
Мен жіберілдім бе?  Құдай маған сеніп тапсырған жауапкершілікті мен өзіме толық қабылдадым ба? 
Не үшін мәсіхшілер атқаратын міндетінде белсенді болуы керек? 

1. Екі үлкен сұрақ.


Киелі кітаптағы адамның жауабы:  «...мен інімнің күзетшісі ме едім?...»  (Жарат. Баст. 4:9).
Тура сол Қабылдың өзі, өзін ақтағысы келіп, осы сұрақты қойды. 
Екінші сұрақ:  «Сонда маңайымдағы адам кім болғаны?»  (Лұқа 10:29). 
Заң үйретуші ғұлама, маңайындағы адам кім екенін білмеді.
Әрбір мәсіхші өзіне осы екі сұрақты қоюы керек.  Сонымен  бірге, бізге соларға жауап беру қажет!

2. Жер астына саяхат жасау – Лұқа 16:19-31.

Миссионерлер туралы жылап жатқан адамдарға, жер асты толы.  Жер асты бұл Құдайдан бас тартқан және Құдайсыз мәңгі өмірге душар болған адамдардың жиналысы.  Олар рухани өмірдің бар екенін білетін, бірақ Құдаймен енді мәңгі бола алмайтындар. 

Көптеген мәсіхшілер Киелі кітапты оқиды және сиынады: «Міне мен, мені жібер!», - дейді  және миссия үшін ешнәрсе де істемейді, өздерінің жеңіл өмірлеріне қанағаттанып ары қарай өмір сүрулерін жалғастыра береді.  Олар адамдардың жер астына кетіп бара жатқанына мазасызданбайды.  21 ғасырдың мәсіхшілеріне Елшілердің істері кітабындағы
македониялықтардың шақыруын қолдануға бола ма?   

3. Статистика.


Миссияларда сенушілердің 3% ғана қызметпен айналысатынын, статистика айтады. 

Мәсіхшілер көп ақшаларын миссиядан гөрі, иттер мен мысықтардың тамағына бөледі. 

Тозаққа кетіп бара жатқан адамдардың саны көбейіп бара жатқаны, таңқаларлық емес пе? 

Інжіл бауырластықтағы қауымдардың қарапайым мүшесі Тәңіріміз Иса туралы куәлігімен бөлісуге шамасы жоқ. 

Киелі кітап - әлемдегі ең көп оқылатын кітап, бірақ көптеген мәсіхшілер аптасына үш тараудан артық оқымайды. 

4. Көрегендік.

Кейбір мәсіхшілер көкке баратындарына соншалықты бақытты, олар тозақтың жолында тұрғандарды ұмытып та кетеді.  Мәсіхшілерге тозақ туралы көрегендік қажет.  Бұл көрегендік бізге бірге сиынуға, дұға етуге және өлімге кетіп бара жатқандар үшін өз өмірімізді беруге көмектеседі.  Өлімге кетіп бара жатқан адамдар үшін көрегендік мәсіхшілердің жан-ұясынан басталады және біз қалталарымыздан және банктегі счетымыздан үлес қосуымыз керек. 

Егер мен бара алмасам, мен басқа біреуді жіберуім керек.

Шын мәнінде ең қажеттісі – сиыну.  Бізге «сиыну ойы» қажет, ол қазіргі қауымдарда жоғалып барады. 

Біздің өміріміздің ең маңызды міндеті миссия болып табылады ма?  Басқа жағынан біз өзіміздің жетілмеген қауымдарымыздың артына жасырынуды қалаймыз.

5. Әлемнің жағдайы.

Егер бүгін өмір сүріп жатқан адамдар саны 100 десек, онда оның 66-сы Тәңіріміз Иса туралы ешқашан есітпес еді.
70-і ақ нәсілділер емес.
57-і азиялықтар болар еді.
21-і еуропалықтар болар еді.
70-і сауатсыз болар еді.
50-і аштан ұйқтауға жатар еді.
1-еуі университетте оқитынына мақтанар еді. 
40-ы Ізгі хабарға ашық балалар болар еді. 
6-ы әлемдегі байлықтың 50% ие болар еді.
3-еуі жер астына кетуге өте жақын болар еді, бүгін кетуі де мүмкін. 

Егер біз Киелі Рухты тыңдамасақ, осы статистиканың түк мәні жоқ!  Ол біз арқылы жұмыс істегісі келеді! 

6. Мәсіхшілер үшін Құдайдың жоспары.

Миссиялар туралы көп сиынып және қамқор көрсету.
Бізге өзімізден сұрау керек:
Егер қауым мүшелерінің бәрі мен сияқты белсенді болса, онда біздің қауыммен не болар еді?
Егер қауым мүшелерінің бәрі мен сияқты ондық(садақа) берсе, онда біздің қауым қандай болар еді?
Егер қауым мүшелерінің бәрі мен сияқты сиынса, онда біздің қауым қандай болар еді?
Мен бұдан да көп істей аламын ба?
Мен бұдан да көп ондық бере аламын ба?
Мен бұдан да көп сиына аламын ба?
Көкте сен кімдермен кездесесің, солар туралы ойлан; сен кімге Тәңіріміз туралы куәлік еттің және кімге жалғыз ғана Құтқарушыны көрсеттің, бәрін.

Егер сен болмасаң, онда кім?
Егер осында болмаса, онда қайда?
Егер қазір болмаса, онда қашан?

Др. Чеcлав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).