ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Иса Тәңір. Ол қандай және Ол не істеді?
Аян кітабы бойынша, 3:7-9
Філаделфи қаласы.
Філаделфидегі қауым Аян кітабында жазылған жеті қауымнан гөрі, Құдайға анағұрлым қызмет еткен қауым. Қауым өзініңатқаратын міндеті бойынша адал болды. Ол Жаратқан Иемен жақын қарым-қатынаста болды, Оның оған тағатын кінәсі болған жоқ, күнә туралы сөз жоқ. Қиындық оны болашақта күтіп тұр. Тәңіріміз Иса ұстап ашып тұрған есік арқылы ол өте ала ма екен?
Тәңіріміз Иса – Жазушы.
Аян 3:7-13. Тәңіріміз Иса Өзін бір тілде көрсетеді, хат алғандардың бәріне ол түсінікті болды.
1. Ол Киелі (Аян 3:7).
Иса Тәңір мінсіз, дақсыз және ақаусыз. Оның мінезі мүлтіксіз. Киелілік – Құдайдың маңызды қасиеті. «Киелі» - бұл Құдай иемденетін, еврейлердің кең тараған атақты титулы. Ишая 43:15-те Құдай былай хабарлайды: «Мен Киелі Құдай Иелеріңмін, ей, Исраил халқы, Мен сендердің Жаратушы әрі Патшаларыңмын!» Біз Тәңіріміз Исаның киелілігін Құдай ретінде көруіміз керек. Ол киелі, сондықтан сенушілер де киелі болуы керек.
2. Ол шынайы (Аян 3:7).
Тәңіріміз Иса бәрінің артында тұр, Ол – Сол, Кімге толықтай сенім артып және Кімге арқа сүйеуге болатынның Өзі.
Ол айтады, Ол «шынайы» екенін; түпнұсқаның (анатенос)тілінде, бұл сөз нақтылықты, шындықты және жасанды емес дегенді білдіреді. Тәңіріміз Исада біз шындықты табамыз. Біз Ол туралы ойлағанымызда, Абсолютті Шындықпен кездесеміз. Иса нағыз шындық. Шынайы болу дегеніміз, Оның әрбір айтқан сөзі, Құдайдың нағыз шындық сөзі және Оның барлық уәделері орындалатын болады. Сондықтан құтқарылу сұрағында біз Оған сенім арта аламыз, егер біз Оған сенсек. Сенушілер ретінде біз түсінуіміз керек, Тәңіріміз Иса бізге шындықты айтатынына. Егер Ол бізге «ашық есік сәтін» пайдаланып қалуға шақырса – бұл дегеніміз, біз ол арқылы өте алатындығымызды және Ол қалайтынды істеуімізді білдіреді.
3. Ол Дәуіттің кілтін ұстап тұр (Аян 3:7).
Кілттер билікті білдіреді. Тәңіріміз Иса «Дәуіттің кілтін» иеленді. Дәуіттің кілтін еске салатын басқа орын, бұл Ишаяның кітабы (Ишая 22:20-23). Елиакимге Езекия патшалық құрып тұрған кезде Дәуіттің үйінің кілтін берді. Бұл кілт Дәуіттің үйін ашатын, онда Яһуданың патшаларының қазынасы сақталатын. Елиаким сонда Дәуіттің үйіне кім кіріп, кім кірмегенін бақылап отыратын. Ол патшадан кейінгі екінші адам болатын және кім кіріп, кім шыққанын, кім патшаға келгенін, кеткенін бақылады. Ол есікті ашып және жабатын адам еді.
4. Ол оларды сүйді (Аян 3:9).
Тәңіріміз Иса філаделфиліктердің қиын жағдайларын түсінді. Иса Тәңір оларға ең жоғарғы жақсылықты тіледі (Жохан 16:27). Філаделфиде тұратындар (Бауырластар сүйіспеншілігі) Құдайдың сүйіспеншілігінің құралы болды Егер бірінші Құдайдың сүйіспеншілігін алмасаң, онда нағыз сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Тәңіріміз Иса сүйіспеншілік үшін өлгендігін, сенбеушілер білулері керек. Күнақарларды құтқару тілегі, Онда сүйіспеншіліктен шыққан (Жохан 3:16; Рим. 5:8).
Др. Чеслав Бассара (
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
; www.proword.eu)