ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Мен жуырда келемін! Тәңіріміз Иса
Аян 3:11, 12
1. «Мен жуырда келемін!»
1.1 Тәңіріміз Исаның Ефеске, Ізмірге, Перғамға және Сардқа келуі соттау үшін болатын, ал Оның Філаделфиге келуі барлық азаптардан толық құтқару үшін еді.
1.2 «Мен жуырда келемін» - бұл қинайтындарға ескерту және қиналғандарға жігер болды.
1.3 Мәсіхші әрқашанда Иса Мәсіхтің келуіне дайын болуы керек (Аян 3:3). Тәңіріміз Исаның кенеттен күтудегі оралуы, қызметте адал болып қалуға күш салуды білдіреді.
2. Ғибадатхана
Босатылу уақыты, Аян 3:10 ескертілгендей, мұнда Тәңіріміз Исаның Өзінің қауымына келуімен салыстырылады. Ғибадатхананың мағынасы мың жылдық патшалық немесе Жаңа Иерусалимді білдіруі мүмкін. Шынайы сенушіге қызмет орны берілетін болады және Құдайдан құрмет көрсетіледі.
3. Аттары
Жаратқан Иенің атын үш рет қайталау, Тәңіріміз Исада мәңгі қаупсіздікте болудың кепілдігі.
- Менің Құдайымның аты иелігіне жататындығым туралы айтады.
- Қаланың аты көктің азаматы болуды көрсетеді.
- Менің жаңа атым Тәңіріміз Исамен мұрагер болуды көрсетеді.
4. Тәжі
4.1 Жеңімпазға тәжі
Ұсынылған «тәжі» лавр тәжісі болды, ол атлетика жарысында жеңімпаздарға берілетін. Бұл уәде өзінің спорттық жарыстарымен атақты қалаларға сай келді, сонымен бірге Жаңа Өсиетте көп кездесетін шарт, адал қызмет үшін алатын жүлде туралы айтылады.
2Тім. 4:7, 8.
4.2 Тәжіні жоғалту
Дұрыс емес тәртіптеріміз үшін бұрынғы алған тәжіні жоғалтуымыз да мүмкін (2 Жохан 8). Тәжі патшаның билігінің белгісі, ол Иса Тәңірдің жеңімпаз мұрагерлеріне беріледі. Мәсіхтің төрелік тағы жүлде алатын немесе қайғылы орын (2Қорынт. 5:10).
5. Бағаналар
Жеңімпаздарға Құдайдың Ғибадатханасының «бағаналары» болатындығы айтылған. Бағаналар – бұл ең мықты және ғимараттың қозғалмайтын бөлігі. Ғибадатхана бағанасы болудың мағынасы, Мәсіхтің Патшалығындағы ең таңдаулы қызмет орны. (Ишая 22, 23; Лұқа 19:16-19).