Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Не үшін бізге балаларға қызмет ету керек?

Елші Пауыл Рим. хат 1:16, Ізгі хабар бұл «әрбір сенушіні құтқаратын Құдайдың құдыреті»,-дейді.  Тәңіріміз Исаның бізге берген соңғы тапсырмасы – «Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға барып, Ізгі хабарды жариялаңдар» (Марқа 16:15). 

1.  Балаларға қызмет етудің қажеттігінің бірінші және ең маңызды себебі, Тәңіріміз Исаның тапсырмасы болып табылады.  Мәсіхшілер Оның тапсырмасынан қашып немесе айналып кете алмайды.  Тәңіріміз Иса балалардың Оған келгенін қалайды (Марқа 10:14; Матай 18:14).  Киелі Кітаптағы Ізгі хабар дегеніміз,бізге барлақ адамдарға, сонымен бірге балаларға Ізгі хабарды тарқату қажеттігін білдіреді. 

2.  Балалардың рухани мұқтаждықтары бар.  Тәңіріміз Исасыз олар рухани өлі.  Олардың мұқтаждығы - күнә, олар Тәңіріміз Исаға сенулері керек. 

3.  Балалар Ізгі хабарға өздерінің балалық сенімдерімен жауап бере алады.  Пет Вербал, балаларға арналған кітаптардың авторы және Халықаралық балалар қызметінің консультанты (International Network of Children`s Ministry) айтады,  қазіргі 75-85% мәсіхшілер Мәсіхке 15 жасқа толмай сенім артқандарын.

4.  Балалар Ізгі хабарға өте ашық.  Барнаның зерттеуші топтары жасөспірімдер мен үлкендерге қарағанда, балалардың Мәсіхті қабылдауға мүмкіндігі анағұрлым жоғары екендігін айтады.  5тен 13 жас аралығындағы балалардың Мәсіхті қабылдау мүмкіндігі 32% құрайды.  Бұл цифр 14-тен 18 жас аралығында 4% төмендейді, қалған өмірде 6% қана сенім артады. 

5.  Балалардың болашақтары ұзақ.  Балаларға қызмет ету – бұл болашаққа құю.  Әлемдегі адамдардың саны 6 000. 000. 000 құрайды.  Ең құрығанда, осының үштен бір бөлігі балалар, олар қауымның болашақтары және өзінің халқының болашағы.  Құтқарылған бала – бұл бүтіндей құтқарылған өмір. 

6.  Балалар жиі басқалардың құтқарылуына Құдайдың құралы болып табылады.  Құтқарылған баланың куәлігі арқылы ата-анасы, ата-әжесі осылай бүкіл жанұясы құтқарылуы мүмкін.  Оның достары да Мәсіхке келуі мүмкін.  Осылайша балалар жергілікті қауым үшін үлкен бата. 

7.  Мәсіхшілер қауымының тарихында балалар маңызды роль атқарған.  Доктор Мартин Лютер айтқан: «Егер Құдай Патшалығы күшпен келетін болса, біз балалардан бастауымыз керек, біз оларды бесіктен бастап үйретуіміз керек».  Чарльз Сперджен жазған: «Балаларға Ізгі хабар қажет, Ізгі хабардың бәрі, Ізгі хабардың түпнұсқасы; оларға бұл өте қажет, егер оларды Құдайдың Рухы үйретс,е олар үлкейген кезінде Оны қабылдай алады».  Дин Стоун, INCM бұрынғы президенті, «балаларға қызмет ету қауымның ең стратегиялық қызметі екенін атап көрсетеді.... жергілікті қауымдағы қызметтің өте жақсы сапалысы сәби кезден басталады және жасы ұлғайған сайын тәжірибе жинайды». 

8.  Киелі Рух бойына дарығандарға, балалар мұқтаж.  Осындай адамдар балаларға Ізгі хабар айтып және үйрете алады.  Олар балаларға қызмет етуге Құдайдың шақырғандары (Рим. хат 1:16). 

9.  Балаларға қызмет ете жүріп, біз Құдайды мадақтаймыз.  Тек ата-ананың немесе мұғалімнің ғана емес, әрбір мәсіхшінің ұлы арманы, Құдайды мадақтау болып табылады.  Балалар құтқарылғанда жәнеТәңіріміз Иса арқылы рухани өскенде, олар Оны мадақтайды!  Құдай осы жемісті күтеді!  Балаларға қызмет ету, Құдайды мадақтау үшін қажет!



Др. Чеcлав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).