ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Тәңіріміз Исаның аяғына келу.
1. КҮНӘЛАРДЫҢ КЕШІРІЛУІ (Лұқа 7:38)
Парызшыл Иса Тәңірді өзінің үйіне шақырса да, ол « Оның аяғына келіп» отырған жоқ. Парызшыл Исаның жанында стөл басында жантайып жатқысы келді, «Оның аяғына келуді» қалаған жоқ. Әйел Иса Тәңірді өзінің үйіне шақырған жоқ, (мүмкін оның үйі де болған жоқ), ол бірақ өзінің ең үлкен мәселесі туралы білді – күнә туралы. Әйел өзінің құтқарылуы керек екенін білді. Ол өзінің күнәларын Иса Тәңірге әкелді.
ИСА ТӘҢІР – КҮНӘЛАРДЫ КЕШІРЕТІН ҚҰДАЙ!
2. ДҰРЫС ІЛІМ (ЛҰҚА 10:39)
Мәриям өзіне шындықты білу қажеттігін білді. Иса Тәңірді Марта Вифанияға олардың үйінде болуға шақырды, бірақ Мәриям ғана Тәңірдің аяғына келді. Бір нәрсе білу үшін көңіл аудару керек. Иса Тәңірді Мәриям шақырған жоқ, бұл шын, бірақ өзіне ең жақсы орынды таңдады – Тәңірдің аяғына келуді! Ол «игілікті жағы» болатын (Лұқа 10:42).
ИСА ТӘҢІР – ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ, БІЗДІ СҮЙЕТІН ЖӘНЕ БІЛЕТІН!
3. ЖҰБАНЫШ (Жохан 11:32)
Мәриям бауырын жоғалтты. Бірақ ол қабірге асыққан жоқ, яһудейлер ол тура сонда бара жатыр деп ойлауы мүмкін. Мәриям адамдардан жұбаныш күтпейтіндігін түсінді, оларда да сондай қиын мәселелер болды. Ол дұрыс орынды – Иса Тәңірдің аяғына келуді таңдады. Жалғыз Ол ғана нағыз жұбаныш беретін. Мәриямның қайғысы мен түңілуін Иса Тәңір ғана қуанышқа айналдырады.
ИСА ТӘҢІР – ҚҰДАЙ, БІЗДІҢ ҚАМЫМЫЗДЫ ЖЕЙТІН, БІЗ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРМЕН ҰШЫРАСҚАНДА!
4. ҚЫЗДЫҢ ӨМІРІ (Лұқа 8:41)
Өлім аузында жатқан қызы, Жайырдың Исаны іздеуін мәжбүр етті. Ол Тәңірді тапты және Оның аяғына жығылды. Басқа ешкім қызына өмір бере алмайтынын әкесі түсінді. Жайырмен болған жағдай Иса Тәңірсіз балалар рухани өлетіндігін, күнәмен өлімге баратындығын дәлелдейтін шындық. Бәрінен де бұрын – ата-ананың сүйіспеншілігінен де, ауадан, басыңдағы баспанаңнан да, киімдерден және тамақтан да бұрын – балаларға Иса Тәңір қажет. Жайыр білді, Кімге өзінің қайғысын әкелуді - өлім аузында жатқан қызын.
ТӘҢІРІМІЗ ИСА – ҚҰДАЙ, БАРЛЫҚ БАЛАЛАРҒА ӨМІР БЕРУДІ ҚАЛАЙТЫН!
5. АЛҒЫС АЙТУ (Лұқа 17:16)
Он алапеспен ауырғандар Иса Тәңірді кездестірді. Олардың әрқайсысы өз өмірлерінде Құдайдың сүйіспеншілігін көрді. Барлық алапеспен ауырғандар тазаланды және өлімнің құрсауынан босады. Енді бұл адамдар жақсы өмірге оралды. Тек жалғыз олардың ішінде біреу ғана, Самариялық, Кімге алғыс айтуды мойындады. Самариялық келіп және Иса Тәңірдің аяғына жығылды, бір ғана алапестен сауыққан адам келді, қалған тоғызы келмеді. Самариялық қатарынан екі жаңаруға ие болды: тәни және рухани. Алғыс айту оның рухани жаңаруының белгісі болды.
ИСА ТӘҢІР – ҚҰДАЙ, БІЗДІҢ АЛҒЫСЫМЫЗҒА ЛАЙЫҚТЫ!
6. ҚОРҚЫНЫШТАҒЫ ЖЕҢІС (Аян 1:17 қар.)
Иса Тәңірдің салтанатын көргенде, Елші Жоханда қорқыныш болды. Ол Иса Тәңірді білді, бір кездері Онымен Палестина жолдарында жүрген, Оның тәлімдерін тыңдаған, «Оған» қолын тигізген. Бірақ, Құдай Ұлын салтанатында көргенде, ол Оның аяғына жығылды, өзінің жасына қарамастан! Жохан жақсы түсінді, Иса Тәңір – Басы және Соңы екенін. Елші үндемеді, сонысымен ол Иса Тәңірдің сөйлеуіне жол берді. Жоханның өмірі – адамдарға тамаша үлгі, Тәңіріміз Иса Мәсіх үшін өмір сүрген. Әлемдегі ең жақсы орын – бұл Иса Тәңірдің аяғына келу екендігін ол мойындады!
ИСА ТӘҢІР – ҚҰДАЙ, БІЗДЕН ДАҢҚТАУДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ЛАЙЫҚТЫ!
Др. Чеслав Бассара (
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
; www.proword.eu)