Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Тәңіріміз Исаға қарайықшы!

«Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық!  Бастапқыда сенім жолын салған Ол, бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді.  Бұдан кейін Ол Құдай тағының оң жағындағы орнына жайғасып отырды. 

Оның күнәқарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер!  Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!»
(Еврейлерге 12:2-3).

Егер біз өзіміздің өмірімізде алдыңғы орынға ең маңызды нәрсені орнықтырмасақ, біз үшін оны адамдар немесе қоршап тұрған ортадағы жағдайлар істейді. Осындайлар болған жағдайда, мазасыздық және түңілу пайда болады. 

1. Тәңіріміз Иса Өзінің мақсатын білді.

«Сонда Иса: - Бүгін осы үй іші құтқарылды!  Бұл адам да Ыбырайым атаның ұрпағынан.  Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім, - деп жауап берді.»  (Лұқа 19:9-10).   

« Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.  Оған сенушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.»  (Жохан 3:17-18).

Лұқа жазған Ізгі хабар 15:1-11 біз үш түрлі затпен ұшырасамыз, олар жоғалған болатын: 

Қой өзі жоғалып кетті.

Күміс теңге кездейсоқ  жоғалды

Ұл біліп тұрып, өз еркімен жоғалды.

Біз өзіміздің өмірімізге алдыңғы орынға ең маңыздыны нәрсені орнықтырмай тұрып, бізге өзіміздің мақсатымызды білу керек.

2.  Тәңіріміз Иса алдыңғы орынға ең маңызды нәрсені, Өз мақсатының негізіне сай орнықтырды.

Алдыңғы орындағы ең маңызды нәрсе:

1)  Көктегі Әкеңмен тілдесу. 

«Ертеңіне таң атпай тұрып, үйден шыққан Иса оңаша бір жерге барып, мінажат етті.  Ал Шимон мен қасындағылар Исаны іздеп шықты. Оны тапқаннан кейін Оған: - Елдің бәрі Сізді іздеп жүр, - деді.  Иса оларға: - Жақын маңайдағы ауылдар мен қалаларға барайық!  Сол жерлерде де уағыз жүргізейін.  Себебі Мен сол үшін де осы дүниеге келдім, - деп жауап берді.»  (Марқа 1:35-38). 

2)  Өзіңнің топтағы адамдарыңнан шәкірттік жасау.



«Сол кезде олар Иерусалимге көтерілетін жолмен өрлеп бара жатты.  Иса алдарында жүрді, ал шәкірттері таңдана абыржып, соңынан ерген жұрт та қорқып келе жатты.  Иса қайтадан он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) айта бастады…»  (Марқа 10:32). 

3)  Өлімге кетіп бара жатқандарға қызмет ету:

«Сонда Иса:  - Бүгін осы үй іші құтқарылды!  Бұл адам да Ыбырайым атаның ұрпағынан.»   (Лұқа 19:9).

3.  Тәңіріміз Иса Өзінің алдыңғы орындағы ең маңызды нәрселерді, басқа адамдардың ниеттерінен қорғады.


«Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады: 
Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! – деді. 

Сонда Петір Оны жеке былайырақ алып шығып: - Құдай сақтасын, Мырза, ондай нәрсе басыңызға түсе көрмесін! – деп қарсылық білдіре бастады. 

Иса Петірге бұрылып: - Менен аулақ кет, әзәзіл!  Маған тұзақ құрып жатырсың: сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, - деп тыйым салды.»  (Матай 16:21-23). 

1. Тәңіріміз Иса Өзінің мақсатын білді. 
2. Тәңіріміз Иса Өзінің алдыңғы орындағы маңызды нәрселерін, Өзінің мақсатының негізіне сай орнықтырды. 
3. Тәңіріміз Иса Өзінің алдыңғы орындағы маңызды нәрселерін басқа адамдардың ниеттерінен қорғады. 

Сондықтан, Тәңіріміз Исаға қарайықшы!




Др. Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).