ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Қазіргі балалар қандай хатқа мұқтаж?
1. Оларға Құдай туралы есту керек
Құдай – құтқарылудың көзі. Балаларға Құдайдың кім және Ол не істейтіндігі туралы есіту қажет. Балалар Құдай туралы жақсы білмесе, ешқашанда өздерінің күнә үшін жауапкершіліктерін түсінбейді.
Сондықтан біз үйретеміз:
• Құдай сені жаратты (Ел. Істері 17:23-29): сен Оның алдында жауап бересің.
• Құдай саған Киелі кітап арқылы сөйледі (1Қорынт.3-4): Оны тыңдауға сен жауап бересің.
• Құдай киелі және әділ (Ел. Істері 17:31): Ол сені соттауы керек.
• Құдай қайырымды және Ол сені сүйеді (Жохан 3:16): Ол сен үшін құтқарылу мүмкіндігін жасады.
2. Олар күнә туралы естулері керек.
Күнә туралы ілім құтқарылу мұқтаждығын көрсетеді. Күнә және күнәнің салдары түбегейлі және байсалды түсіндірілуі керек. Сондықтан біз үйретеміз:
• Сенің күнәң – Құдайға қарсы (Забур жыры 50:6).
• Сен – табиғатыңнан күнәқарсың/шығу тегіңнен (Ефес. 2:3) және істеріңмен де (Рим. 3:23).
• Сен өзіңнің күнәларың үшін Құдайдың жазасына лайықсың (Рим. 1:18).
3. Олар Иса Мәсіх туралы естулері керек.
Иса Мәсіх туралы ілім құтқарылудың жалғыз жолын балаларға көрсетеді. Балалар Иса Мәсіхтің кім және Ол не істегенін білулері керек. Сондықтан біз үйретеміз:
• Иса Мәсіх, Құдай – Ұл, жалғыз Құтқарушы (Ел. Істері 9:20).
• Ол сен үшін өлді (Ел. Істері 2:23,36,38).
• Ол сен үшін тірілді (Ел. Істері 2:24-32).
• Ол сен үшін Көкке көтерілді (Ел. Істері 2:23-32).
4. Олар тәубе ету және сенім туралы естулері керек.
Балаларды Мәсіхке шақыру Ізгі хабардың ең маңызды бөлігі болып табылады. (Жохан 6:37; Жохан1:12). Сондықтан біз үйретеміз:
• Иса Мәсіх сені Өзіне шақырады (Матай 11:28).
• Сен күнәдан бет бұруың керек (Ел. Істері 2:38, 20, 21).
• Сен Иса Мәсіхке сенім артып және Оған толықтай бағынуың керек (Ел. Істері 16:31, 20, 21).
Тәубе ету және сенім Мәсіхтің шақыруына сананың, жүректің және еріктің толық жауабын кіргізеді (Рим. 6:17).
Др.Чеслав Бассара (
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
; www.proword.eu)