Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Қызмет ету үшін құтқарылдым!

«Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін.  Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады.  Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.»
(Жохан 12:26).

Қызметшілер Қожайынының соңынан ереді: Кім Маған қызмет етсе, Менің соңымнан еруі керек...


Иса Тәңір тікелей айтады, қызметшілері шегінбестен Қожайынының соңынан  еруін!  Қызметшінің қожайынына не істеу керектігін айтуына құқығы болған жоқ.  Мәсіхтің соңынан еру Киелі Рухтың жетегінде болуды білдіреді, Оның даналығымен таңдау жасап және Ол үшін өмір сүру; Ол бізден нені қалайды, соны істеу! 

Қызметші Жаңа Өсиетте әдетте грек сөзімен «дулос» (құл, еріксіз) белгіленген.  Кейде ол   
диаконос (дьякон немесе қызметші) дегенді білдіреді.  Бұл дұрыс, өйткені дулос және диаконос – синонимдер.  Екі сөз де өзінде билігі жоқ адамды білдіреді, бірақ өз қожайынының сатып алған меншігі болып табылады.  Біз Иемізге қызмет етуге сатып алынғандармыз. 

Иса Тәңір Өзінің қызметшілеріне қандай жұмыс берді?  Ол айтады, Оған қызмет ету дегеніміз, өзіңнің жұмыскерлеріңе құл болу және нені істеу керек болса, соған дайын болу, ол сондай қиын болсын және ең төменгі жұмыс болсын, оларға көмектесу.

Иса қайда еңбек етсе, қызметшілер сонда болады  ...Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады.

«Әкем еңбектен қол үзбейді, сондықтан Мен де үздіксіз еңбек етемін». (Жохан 5:17). 
«Біз Иса Мәсіхпен жүріп, игі істер жасау үшін жаратылдық; осыны орындауымызға Құдай алдын-ала жағдай туғызды».  (Ефес. 2:10).

Құдай біздің әлемде еңбек етуде!  Ол істегенді біз де істей аламыз және істейміз де.  Қызмет ету тек бақташылар немесе кім рухани оқу орындарын бітіргендерге ғана қатысты емес.  Егер біз осы топтағыларды ғана күтіп және соларға тәуелді болсақ, нәтиже өте шектеулі болады. 

Құдай Өзінің қызметшілерін құрметтейді  ... Кім Маған қызмет етсе, оларды Менің Әкем құрметтейді.

Біз Тәңірімізге қуанышпен, қызығушылықпен және ынтамен қызмет етсек, Құдай бізді құрметтейді!  Ешқандай жердегі құрметті бұнымен салыстыра алмайсың!  Кім Құдайға қызмет етсе, Құдай оларды құрметтейтін болады! 

Ұлы сыбызғышы Паганини өзінің тамаша сыбызғысын Генуе қаласына қалдырмақшы болады, бірақ ол сыбызғыда ешкім, ешқашан ойнамасын деген бір шарт қояды.  Осы аспап жасалған ағаш жиі қолданылса сәл ғана ескіреді екен, ал егер оны мүлдем қолданбаса ол шіри бастайды.  Паганинидің керемет сыбызғысы бағалы зат болғанымен, бүгінде құрттар жеп және пайдасыз болып қалды.  Мәсіхшінің қызметтен бас тартуы жақын арада оның пайдалы болатын қабілетін талқандайды.

Қызметшілер, Тәңірдің соңынан еріңдер!  Иса Тәңір қайда еңбек етсе, қызметшілер сонда болады!   Қызметшілерге Тәңірден құрмет көрсетілетін болады!




Др.Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).