ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Құдайға жанұяңмен қызмет ету
Біздерде Тәңірдің соңынан балалары ермейтін, жанұялар көбейген үстіне көбейе түсуде. Құдай жанұя мүшелерінің бәрі Оған қызмет еткенін қалайды.
Құдай орнатқан тәртіп:
- Әке (Ефес. 5:23; 1 Тім. 3:4,5).
Әке өз соңынан жанұясын алып жүру керек:
Құдайдың Сөзіне үйретіп (бағыттап),
жанұясымен бірге сиынып,
үлгі болып,
әйелін және балаларын сүйіп,
жанашырлық танытып және берік болуы керек.
- Ана ( Нақыл сөз. 31:25-28; Тит 2:3-5).
Ана жанұяда өзінің ролін атқарады:
Балаларының және күйеуінің тәни және рухани мұқтаждықтарына қамқор көрсетеді,
Оның үйі – оның ең маңыздысы (демалатын жері),
өзін көмекшінің ролін атқаруға бағыштайды.
- Балалар (Нақыл сөз. 1:8; Ефес. 6:1,2; Нақыл сөз. 23:24, 25)
Балалар ата-аналарына мойынсұнып және құрметтеулері керек.
Аюп пайғамбардың жақсы мінездемелері (Аюп 1:1-5).
Аюп Құдайдан қорықты, жамандықтан аулақ жүріп(1 аят) және Құдайға табынды(5 аят).
Жақсы әке ретінде, ол Құдайдың және балаларының алдында әділетті өмір сүрді.
Ол олардың тәни және рухани мұқтаждықтарының қамын жеді. Ол олардың күнәларының кешірілуіне және әділ жүрулеріне сиынды.
Ыбырайым, Құдайды терең қастерлейтін белсенді үлгілердің бірі (Жар. Баст. 18, 19).
Ыбырайым Құдай сөзінің өзі үшін және оның балаларына шындық, даналық және бата екендігіне толықтай сенді. Сондықтан ол өзінің балаларына Жаратқан Иенің жолымен жүруге тәлім берді, ол өзі Оның алдында жүргендей.
Әке ретінде балаларын ол тыңдайтын етіп тәрбиеледі.
Құдай жанұяның толықтай Оған қызмет еткенін қалайды.
Др. Чеcлав Бассара (
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
; www.proword.eu)