Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Құдайға ұнамды болудағы қуаныш.

Лұқа 12:32

Матай, Петір немесе Жақып сияқты Лұқаның Иса Тәңірмен  сөйлесуге мүмкіндігі болмады.  Ол дәрігер болатын, Ізгі хабарды есіткен кезде Құдайға мойынсұнуға бел буды, Ол Құдай Ұлы туралы ауызша есіткендерін жазып алды.  Ол Құдайдың халқынан емес еді және Ізгі хабар оқиғасын еврей емес әрбір адам түсіне алатын тілде жазды.  

«Шағын қауым, қорықпа!», - деп не үшін Иса айтты?

Мыңдағандар оны тыңдауға, тамақтануға, емделуге келді.  Кейбіреулері ғана Патшалыққа кіреді.  Ол оларды «шағын қауым» деп сипаттады.  

Құдай біз туралы және біздің балаларымыз туралы қуанады ма?


Оның Патшалығына жататындар Оған сенеді.
Біз өзіміздің сенімімізбен Құдайды қуантамыз. «Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес...» (Евр.11:6).   «Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.» (Рим. 8:8).  Құдайға ұнамды болғысы келгендер Мәсіхке және Оның киелілігіне сенім артады.  Құдайға ұнамды болғысы келгендер ең алдымен Құдайдың Патшалығын және оның әділдігін іздейді.  Құдайға ұнамды болғысы келгендер, Оған сенім артуға дайын.

Забур жыры 68:31, 32-де Дәуіт былай деп жариялайды: «Сонда Құдайдың атын әнге қосамын, Шүкіршілік етіп мақтау айтамын.  Көбірек ұнатады мұны Жаратқан,  Құрбандық мүйізді ірі қарадан.»  
Басқа сөзбен айтқанда, Оны мадақтауға кім өз еркімен дайын тұрса, солар Құдайға ұнамды болғысы келгендер.  Олар Әкесінің үйіне әніменен келеді.  Олар Құдайды мадақтау әндерін ризашылықпен айтады.  Көзбояушылық жасап және өздеріміз шығарған тәртіпке бағынудан гөрі, біздің Құдайды әнмен мадақтауға дайындығымыз және Оны өзіміздің өмірімізден артық көруіміз, Оған өте ұнамды.
Киелі Жазба айтады, Иса айқышқа  шегеленбей тұрып Құдайға ән айтқанын: «Құдайды мадақтау әнін айтқаннан кейін олар сол жерден шығып, Зәйтүн тауына қарай кетті».
( Матай 26:30).  Киелі кітапта Құдай халқы Құдайға мадақтау әндерін 25 реттен астам айтқаны көрсетілген.  Оған әнмен мадақтау айтқысы келгендерге Құдай қуанады.  

Оның Патшалығына жататындар Оны уағыздайды.     
Егер біз Құдайға ұнамды болғымыз келсе, біз Мәсіхті уағыздауымыз керек.  Біз Ізгі хабарды уағыздамай тұра алмаймыз және адамдарға тек олардың есіткісі келетінді ғана айта алмаймыз.  (1 Қорынт. 1:21; Ғалат. 1:10).  

Біздің тілегіміз Мәсіх Өзі айтқандай болуы керек: «...Мен әрқашан Оған ұнайтынын істейтіндіктен, Әкем Мені жалғыз қалдырмайды.» (Жохан 8:29; Рим. 15:3).  Ол үшін біз өте бағалы екенімізді білу, Құдай Патшалығын бізге бергенде Оның қанағаттанатыны - бұл қандай тамаша сый.  

«Себебі Құдай Патшалығы сөзбен ғана емес, Оның құдыретімен көрінеді.» (1Қорынт. 4:20).

1. Оның күшімен қамтамасыздану: Құдай бізге күнделікті нанымызды береді (Матай     
6:11), тірі су (Жохан 4:14), жұбаныш және тыныштық береді (Матай 11:28).  
2. Оның қорғаушы күші; Құдай Өзінің періштелеріне бізді күзетуге бұйрық береді (Забур жыры 90:11-13).  
3. Оның уәдесінің күші;  Құдай бізге Өзінің Сөзін береді (Забур жыры 106:20).  




Др. Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).