Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Құдай Сөзінің мен үшін маңыздылығы не?


Менен естігендеріңді дұрыс ілімнің үлгісі ретінде Иса Мәсіхке деген сеніммен және сүйіспеншілікпен берік ұстан! (2 Тімөте 1:13). 

1. Дұрыс ілімнің үлгісі
«Үлгі» сөзі 2 Тім. 1:13-те «сәулетшінің жобасын» білдіреді.  Алғашқы қауымдарда әуел бастан доктриналардың анық жоспары болған.  Осы арқылы барлық ілімдер тексеріліп отырған.  Осы жоспардың мазмұнын өзгертпеуді Тімөтеге ескерткен болатын.  Егер ол тыңдамағанында, өзімен қызмет етіп жүрген мұғалімдердің ілімін тексеретін онда ешнәрсе болмас еді.  Біз, 21 ғасыр тұрғындары, Пауыл 1 ғасырда қандай ілім үйретсе, сол ілімді мықтап ұстануымыз керек. 
Алғашқы қауымдарда антиномианизм философиясы кеңінен таралған болатын.  Ол: «Біз заңнын астында емеспіз» дегенді айтатын.  Бұл түсінік осы күнге дейін әлі тірі.  Бүгінгі күнде де біз заңның емес, Құдайдың рақымдылығының астында екенімізді айтатын адамдар бар.  Осы арқылы Жаңа Өсиет – бұл «сүйіспеншілік хаты» жиналысы екенін бекітеді.  Кейбіреулері бас тартады, олар бұны « үлгілі құдайтану»  деп те атайды.  «Дұрыс ілімнің үлгісі» деген сөз, біз жүріп- тұратын өсиет бар екендігін шынымен көрсетпейді ме? (1 Қорынт. Хат 9:21; Ғалат. Хат. 6:2 қараңыз).

2.  Берік бол!
Ғасырлар бойы Құдайдың қызметі сынақ кезінде берік тұрған адамдар арқылы істелінді.  Оларға ар-ұждандарын сату оңайырақ болар еді, бірақ олар берік тұрды.  Ар-ұжданын таза ұстағандардың бірі елші Пауыл еді.  Өмірінің соңында ол өзінің Мәсіхтегі кіші бауыры Тімөтеге жігер бермекші болды.  1 Тімөте 1:11-ден біз оқимыз, Құдай Пауыл елшіге кепілдікке рухани шындықтарды бергенін, ал елші Пауыл оларды Тімөтеге айтып, тапсырғанын (1 Тімөте 2:2). 

3.  Менен естігендер
Біз сенеміз, Киелі Рух – бұл шындық  Рухы.  Ол бұл шындықты Тімөтеге тапсырды.  Бізде бір ғана Киелі Рух және Одан келетін бір ғана шындық бар.  Біз екі Киелі Рухқа сенбейміз.  Сондықтан біз екі немесе одан көп шындықтарға сенбейміз.  Бізге шындықтарды үйретуге, Құдай Киелі Рухты жіберуді шешті.  Киелі Рухтың қызметінсіз біз қараңғылықта қаламыз.  Онсыз біз Құдайдың Сөзін түсіне алмаймыз.  Біз әрқашанда Оның ілімін оқуымыз керек (Жохан 16:13).  Ол бізге шындықты сақтауға қабілет береді және басқалармен ол туралы бөлісуге. 

4.  Сенім және сүйіспеншілікпен.

Біз сонымен бірге Тімөтенің доктриналары «сеніммен және сүйіспеншілікпен» айтылуына көңіл аударуымыз керек.  Ол шындықты сүйіспеншілікпен айтуы керек болатын, өйткені бұл Құдайдың үлгісі.  Құдай ешқашанда шындықты сүйіспеншіліксіз айтқан жоқ.  Ефестіктерге 4:15: «Шындықты сүйіспеншілікпен айт» - деп айтады.  Өзіңнің сеніміңді сақтаудағы тілегіңе қарсы тұру оп-оңай нәрсе. Шындықтармен бөлісудің орнына, кінәсіз жерден кінә іздеп, қиын мәселелер туғызу оңайырақ.  Мәсіхшілік өмірдегі ақталу доктриналарының қысқаша мазмұны келесілер: «Сенім бізді мырзалар етеді, ал сүйіспеншілік бізді қызметшілер етеді.  Сенім әрқашанда Тәңіріміз Иса Мәсіхке бағыт алу және қарау;  бұл қауымға немесе басқа нәрсеге деген сенім емес.»

5.  Иса Мәсіхте болу.
Көктен келетін  барлық батаның көзі тек Мәсіхте болады.  Сенім – іс-әрекет жасау, соның көмегімен адам Құтқарушы Иса Мәсіхпен бірігіп, тірі және құтқаратын одақ. болады.  Мысалы: «Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбей, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.» (Філіп.хат 3:9).

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).