Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Құмырашының үйінде

Иеремия 18:1-11

Мәтіннің тарихи мәні.

Иеремия құмырашының анық жоспары бар екенін байқады.  Құмырашы құмыраның арнайы қалпын жасауға шебер қолдары мен әр түрлі құрал-жабдықтарын пайдаланды.  Құмырашының ойлағанындай, құмыра бір мақсатқа қызмет етуі керек болды.

- Құмырашы топырақты таңдады, топырақ - құмырашыны емес.

- Құмырашы өзіне керекті топырақты таңдады.

- Құмыраның қалпын келтіру үшін, құмырашы қысымды пайдаланды.


Ұлы Құмырашының әрқайсысымызға деген жоспары бар (Иеремия 1:18; 2:11).

- Иеремия Құдайды Құмырашы ретінде көрді, ал Исраилды – Оның топырағы ретінде.

- Құдайдың Исраилға деген жоспары болды.

- Құдай Исраилға ерекше қалпын берді, көптеген баталар жібере отыра.

- Құдай Исраилға ерекше қалпын берді, үкімін тарқата отыра.

Мәтіннің рухани мәні.

1.  Құмырашы топырақты тапты.

- Забур жыры 39:3,4
- Басқалар үшін біз жәй ғана кір топырақ болдық, бірақ Құдай құмыраны көрді. 
- Біз Құдайды таңдаған жоқпыз, Құдай бізді таңдады!
- 1 Қорынт.6:9-11

2.  Құмырашы топырақты сумен араластырды, одан ерекше алғашқы қалпын жасауға.
- Ефес. 5:26
- Ғалат. 4:19
- Філіп. Хат 3:10
- Рим. 8:29; 12:2

3.  Құмырашы бос жерлердегі ауаны шығару үшін өзінің аяғын қолданды, олай етпесе болашақта құмыра сынып кетеді.
- Ефес. 1:20-22
- «Ағындағы» мәсіхшілер. 

4.  Құмырашы сазды айналдырғышқа қойды, оған соңғы қалпын берді.
- Айналдырғышты айналдыру.
- Айналдырғышта қанша керек болса, сонша айналу.
Құмырашы Өзінің саусақтарын «бөтен» бөлшектерді алып тастау үшін әлі де пайдаланады(1 Петір 5:6).

5.  Құмырашы күнге құмыраны кептірді.
Бұл қажетті процесс, бірақ соңғы емес.  Егер құмырашы осымен тоқтап қалса, онда құмыра кеңінен пайдалануға қолданылмай қалар еді.  Құмырашының жоспары тереңірек және алысқа барарлық болатын. 

6.  Құмырашы пешке құмыраны қойды.
а.  От барлық қоқыстардан тазартты.
б.  Осы процестен кейін, құмыра жарамды болды. 
в.  1 Петір 4:12-14.

7.  Құмырашы құмыраны бояды.
Құмыра тек жақсы ғана болмау керек, сонымен бірге өте әдемі болуы да керек.  (Рим. 12:2)

Др. Чеcлав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).