Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Құтқарушының жеке тұлғасын білу. Ол Кім?

Жохан жазған Ізгі хабар 1:1-3

Тәңіріміз Иса Кім?  Иса Тәңір сен үшін кім болады?

Иса Тәңір жаратылыстың себебтерінен Жаратқан Ие болады!
(Жохан 1:1-3; Ефес. 3:9; Қолос. 1:16; Евр. 1:1,2). 

Атақты агностик, Роберт Ингерсол, Генри Уорда Бичер келген сапарында, әдемі жер шарын(глобус) көреді, онда аспан денелері және жұлдыздар бейнеленген екен.  Жақсылап қарап болғаннан соң: «Мен іздеп жүргеннің дәл өзі, осы еді», «Кім осыны істеген?»   «Кім осыны істеген?», - деп Бичер қулықпен таңқалып айтқанда, «Полковник жолдас, ол өзінен-өзі пайда болған», - дейді. 

Иса Мәсіх жаратылыстың бір бөлігі емес, Ол – Жаратушы!  Оның милад күніне арналған суреттерден қатты айырмашылығы бар.  Ол – Жаратушы, сондықтан да Ол Тәңір!  Ол сенің Тәңірің бе?

Иса Тәңір Өзінің өлімі және қайта тірілуінің себептерінен Құтқарушы болып табылады! (Жохан 1:29; 3:16,17).

Егер біздің ең керекті мұқтаждығымыз жаңалық  болғанда, Құдай бізге педагогты жіберер еді. 
Егер біздің ең керекті мұқтаждығымыз технология болғанда, Құдай бізге ғалымды жіберер еді. 
Егер біздің ең керекті мұқтаждығымыз ақша болғанда, Құдай бізге экономисті жіберер еді.
Егер біздің ең керекті мұқтаждығымыз рақаттану болса, Құдай бізге тойбасшы  жіберер еді. 

Бірақ біздің ең керекті мұқтаждығымыз күнәларымыздың кешірілуі болды, сондықтан Құдай бізге Құтқарушыны жіберді.
Ол күнәқарлардың Досы (Самариялық әйел – Жохан 4:1-30, жезөкше әйел -8:1-11).  Тәңір ретінде, Оның құтқаратын күші бар!  Ол – жалғыз ғана әлем Құтқарушысы! (Жохан 14:6; Елші. Іст. 4:12). 

Иса Тәңір жуырда Соттаушы ретінде келеді! (Жохан 5:22; Рим. 2,16,14,10; 2Тім. 4:1). 

Ол кімнің Құтқарушысы болмаса, солардың Соттаушысы!
Әлі кеш болмай тұрғанда, біз Оның алдында тізе бүгейік! 

Иса Тәңір – кім Оның өзімен дос болуын қалағандардың бәрінің - Досы.  

Өмірдегі жарылқануларда (Қанадағы той, Жохан 2:1-11).
Рухани адасқандар үшін (Нікөдім, Жохан 3:1-21, Петір, Жохан 21:15-17).
Науқастарға ( патша сарайы қызметкерінің ұлы – Жохан 4:47-54, Бетезда – Жохан 5:1-9, Зағип кісі –Жохан 9:6,7).
Аштарға және кедейлерге (5 000 – Жохан 6:10-13). 

Біздегі бос кеңістік Мәсіхпен (Мессия) толықтырылуы керек!  Ол Тәңір, Құтқарушы, Соттаушы және Дос!


Др. Чеслав Бассара ( This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it ; www.proword.eu)

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).