ProWord
Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?
Czeslaw Bassara
1948 жылы Брешцеде, Освенцимадан (Аушвиц) алыс емес, Польшада мәсіхшілер жанұясында туылдым.
1965 жылы тәубеге келіп, Құдаймен жарастым. Осы жылдан бастап Польшада балалар арасындағы қызметпен айналыстым. 1969-ыншы жылға дейін Освенцима ауданында оқып және жұмыс істедім.
1969 жылдан 1974 жылға дейін Польшада, Варшава қаласында құдай сөзін меңгерушінің мәсіхшілер академиясында оқыдым.
1972-ші жылы Хеленаға үйлендім. Екі перзенті бар, Богдан (1975 жылы туылған) және Дорота (1979 жылы туылған); олардың өз отбасы бар және бірге ОЕД-де қызметпен айналысады (Агнешка және Конрад).
1975 жылы Польшада құдай сөзін меңгерудегі магистр дәрежесіне ие болдым.
1976 жылы Щвейцарияның Кильхциммер қаласында ОЕД-нің Лидерлер Дайындау Институтын бітірдім.
1969-шы жылдан 1990 жылға дейін балаларға және жастарға ізгі хабар таратуды ұйымдастырдым, Польшадағы мұғалімдерді және ата-аналарды оқыттым және шектес елдерде де.
1982 жылдан 1990 жылдарға дейін қауымдар құрдым және киелі кітап мектебінде, Польшадағы інжілдік мәсіхшілер қауымдарында, басқа елдерде және Индияда сабақ бердім.
1991 жылдан 2006/2007 жылдар аралығында Хеленамен бірге Орталық және Шығыс Европа елдерінде директор болдық. Олар ОЕД-нің Ресейдегі және Орта Азиядағы қызметтеріне ерекше көңіл бөлді, сонымен 30 елдің ұлттық лидерлеріне жетекшілік еттік. Сонымен бірге ОЕД-нің Европалық кеңесінің мүшесі болдық
2000-шы жылдан 2006 жылға дейін Хеверлее/Лейвенде, Бельгияда Інжілдік Құдай сөзін меңгеру факультетінде докторлық бағдарламамен айналыстым.
2006 жылы құдай сөзін жүйелі түрде меңгерудегі философия докторы дәрежесін алдым: «Постмодернистік герменевтика және оған Інжілдік жауап».
2008 жылы «Құдай Сөзін Жариялау!», яғни ОЕД-нің Киелі кітаптан сабақ берудегі Халықаралық Қызметін ұйымдастырдым.
Доктор Чеслав Бассара ағылшын, неміс, орыс, поляк және эсперанто тілдерінде сөйлейді.
Киелі кітаптан сабақ беру қызметінің арқасында, Чеслав бес құрылықтың 60-тан астам елдерінде болды, олар келесілер: Аргентина, Армения, Азербайджан, Бразилия, Босния, Герцеговина, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Германия, Голландия, Индия, Италия, Кения, Қырғызстан, Литва, Молдова, Жаңа Зеландия; Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, США, Турция, Уганда, Украина, Фарер аралы, Филиппин, Чехия, Эстония.
«Ал енді, бауырластар, Иеміздің Ізгі хабары тура сендердегідей көп тарап, құрметке бөлене берсін деп Оған біз үшін сиыныңдар» (2 Сал. 3:1).