Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Outlines of Messages

Алғыс айта білу

1. Алғыс айту – бұл рухани өмірімізді көрсету.

Лұқа жазған Ізгі хабар 17:11-18
Қалған тоғызы қайда?

2. Алғыс айту Құдайға мадақ әкеледі.

Елшілердің істері 3:7-11
Біздің алғысымыз басқаларға дем береді.

Read more: Алғыс айта білу

   

Бізге еңсеміз түскен кезеңде Құдайдан жігер алу қажет

Еврейлерге хат 10:23-35 – Барлық Құдайдың адамдарына жігер алу қажет!


1. Ысқақ жігер алуға мұқтаж болды: «Мен сені ашаршылық болғанда да батаммен жарылқаймын!»


«Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп «Мысыр жаққа көшпей, Мен айтқан жерде қоныстанып, сол елде кірме ретінде тұра бер!  Саған әрдайым жар болып, батамды қондырамын, ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін сыйлап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын».  (Жар. Баст. 26:2-3).

(Жар. Баст. 26:12,13). 

Ысқақ тұрып жатқан елде ашаршылық басталды, бірақ Құдай оған Мысыр еліне бармастан, ашаршылықтың ашаршылығы болып жатқан жерде қалуын айтты.  Ол Ысқаққа осы елде батаммен жарылқаймын деп уәде етті.  Құдай Ысқақты осы елде гүлдендірді.  Ысқақ осы елде егін екті және жүз есе өнім алды.  Ысқақ атақты болып және ұлы адамға айналды. 

Сол сияқты біздің өмірімізде Құдай бізді де күреспен, жетіспеушілікпен және қиыншылықпен ұшырысқан жерде батасымен жарылқай алады.  Бізде де науқастанғанда және басымызға қауіп төнгенде, сол жағдайлардан қашуға азғырулар болуы мүмкін. 

Құдай Өзінің құдыретті күшін біздерге жақсы болу үшін көрсетуге уәде етеді, біз қайда жетіспеушілікке ұшырасақ және басымызға қауіп төніп тұрса, сол жерде жарылқап, гүлдендіреді.

Read more: Бізге еңсеміз түскен кезеңде Құдайдан жігер алу қажет

   

Балалардың постмодернизм дәуіріне жетуі

1Шежіре 12:32

1.  Біздің балалар өмір сүріп жатқан уақыттың несімен айырмашылығы бар?

Постмодернизм дәуірінде өскен ұрпақтарымыз «кез-келген көру нүктесі – бұл бір нүктеден шығатын көзқарас» екендігін ұсынады.  Кейбір түсінікте ол солай да. Ал бізде  тек өзіміздің көру нүктемізден шығатын пікірлерді ұстану бағытымыз бар.  Постмодернизм ұрпақтарында модернизм дәуіріндегі аналитикалық рационализмге және білім мен сенімділік туралы арыздарына қарағанда менсінушілік бар. 

2.  Ойлау қабілетінің үш түрі:

2.1 Теоцентризм
2.2 Модернизм
2.3 Постмодернизм

Read more: Балалардың постмодернизм дәуіріне жетуі

   

Егер бізде Құдай бірінші орында болмаса, біз ретсіздік жасаймыз.

Иеремия 2:1-37

Иеремияның кітабында үш түрлі оқиға сипатталған. 

Бірінші оқиға Иеремия есімді жас жігіт туралы.  Құдай Иеремияны өте қиын жұмысты орындауға таңдады.

Екінші оқиға Құдайдың таңдап алған Исрайл халқымен байланысты.  Құдайдың жетегінсіз және жалған тәңірлерге табынумен көптеген жылдар өткенде, Құдай бұны енді жеткілікті деп шешті.  Ол Иеремияға еврейлерге суық хабарды жеткізуді тапсырды, олар бабылдықтардың тұтқынына алынатын болды. 

Үшінші оқиға Құдайдың Өзімен байланысты болды.  Әке жаралы жүрекпен,  Өзінің балалары Одан алыстап, қарсы шыққанына қарап тұрды. 

Егер де Құдай біздің өмірімізде бірінші орында болмаса, біз өте қиын жағдайға тап боламыз.  Егер Құдай сенің өміріңде бірінші орында болмаса, сен ретсіздік жасайсың. 

Құдайдың таңдаған халқымен, Исрайлдықтармен де осылай болды.  Олар басқа халықпен және олардың жалған тәңірлерімен ойнай бастады. Оларда яһудей сеніміндегілерден бөлек халықтармен некелесу(үйлену)пайда болды. Олар осы жағдайларды бақылаймыз деп ойлады, бірақ осы нәрсе керісінше оларды бақылады.

1-ші Ескерту – Сен Құдайдың өлшемдерінен басқа нәрселердің соңынан ерсең, онда сен пәлеге апаратын тайғақ жолда тұрғаның. 

Иеремия Исрайлдықтардың дағдарысқа ұшырағанын өте жеткілікті ұғындырды:

«сонымен бірге әрбір биік төбелерде және әрбір ағаштың бұтағының астында азғындық жасады.»  (Иеремия 2:20b).

Read more: Егер бізде Құдай бірінші орында болмаса, біз ретсіздік жасаймыз.

   

Елші Пауылдан шақыру

Құдайға ұнамды өмір сүруді бізде ояту үшін, елші Пауыл (Ефес.хат 5) келесі орындарды қарастыруға шақырады:

1. Ғибадатхана (1-7 аяттар)

Ғибадатханада ол біз үшін әкелінген Исаның құрбандығы туралы еске түсіреді.  Күнә Құдай үшін жек көрінішті және Оның мұрнына ол – сасық иіс (Ишая 3:23).  Егер біз сүйіспеншілікпен жүретін болсақ, біздің өміріміз тірі құрбандықтай болады (Рим. хат 12:1-2; Філіп. Хат 2:17), Жаратқан Ие үшін жұпар иістей боламыз (Жохан 12:1-8). 

2. Егістік (8-14 аяттар)


Содан кейін Пауыл егістікке барады, бізге өнімдерді көрсетуге (8-14 аяттар) және нұрда жүргендер рухани өнім әкелетінін еске  түсіруге. 

Егер біз нұрда жүретін болсақ, онда біздің түнекпен байланысымыз болмайды(2 Қор.хат 6:14-18).

Read more: Елші Пауылдан шақыру

   

Page 1 of 13

<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).