Осы сайт сіз үшін бата болып табылады ма?



Results

Outlines of Messages

Олар бәрін тастап және Оның соңынан ерді

Лұқа 5:1-11


1-ші жоспар
Құдай сені үйретуге дайын!

«Бір күні Генесәрет көлінің жағасында тұрғанда, халық Құдай сөзін тыңдау үшін Оның қасына жиналып, иін тіресіп тұрды.» (Лұқа 5:1).   

1-ші сабақ
Егер мен тыңдауға дайын болсам, Құдай мені үйретуге дайын!

2-ші жоспар
Құдай саған Өзінің күшін көрсетуге дайын!

«Иса көл жиегінде тұрған екі қайықты көрді, одан түскен балықшылар ауларын жуып жатты.  Екі қайықтың бірі Шимондікі еді.  Иса оған мініп, Шимоннан жағадан арырақ жүзіп барып тұруын сұрады да, отырып, қайық үстінен халыққа тәлім берді.  Сөзін бітіргеннен кейін Шимонға: - Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал, - деді.  Шимон: - Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз!  Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін, - деп жауап берді.  Ауларын салғанда өте көп балық ұстады, балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады.  Екінші қайықтағы жолдастарын қол бұлғап, көмекке  шақырды.  Олар келіп, екі қайықты да балыққа толтырды: тіпті қайықтары суға бата бастады!» (Лұқа 5:2-7).

Read more: Олар бәрін тастап және Оның соңынан ерді

   

Тәңіріміз Исаның аяғына келу.

1.  КҮНӘЛАРДЫҢ КЕШІРІЛУІ (Лұқа 7:38)
Парызшыл Иса Тәңірді өзінің үйіне шақырса да, ол « Оның аяғына келіп» отырған жоқ.  Парызшыл Исаның жанында стөл басында жантайып жатқысы келді, «Оның аяғына келуді» қалаған жоқ.  Әйел Иса Тәңірді өзінің үйіне шақырған жоқ, (мүмкін оның үйі де болған жоқ), ол бірақ өзінің ең үлкен мәселесі туралы білді – күнә туралы.  Әйел өзінің құтқарылуы керек екенін білді.  Ол өзінің күнәларын Иса Тәңірге әкелді. 
ИСА ТӘҢІР – КҮНӘЛАРДЫ КЕШІРЕТІН  ҚҰДАЙ! 

2.  ДҰРЫС ІЛІМ (ЛҰҚА 10:39)
Мәриям өзіне шындықты білу қажеттігін білді.  Иса Тәңірді Марта Вифанияға олардың үйінде болуға шақырды, бірақ Мәриям ғана Тәңірдің аяғына келді.  Бір нәрсе білу үшін көңіл аудару керек.  Иса Тәңірді Мәриям шақырған жоқ, бұл шын, бірақ өзіне ең жақсы орынды таңдады – Тәңірдің аяғына келуді!  Ол «игілікті жағы» болатын  (Лұқа 10:42). 
ИСА ТӘҢІР – ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ, БІЗДІ СҮЙЕТІН ЖӘНЕ БІЛЕТІН!

Read more: Тәңіріміз Исаның аяғына келу.

   

Тәңіріміз Исаға қарайықшы!

«Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық!  Бастапқыда сенім жолын салған Ол, бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді.  Бұдан кейін Ол Құдай тағының оң жағындағы орнына жайғасып отырды. 

Оның күнәқарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер!  Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!»
(Еврейлерге 12:2-3).

Егер біз өзіміздің өмірімізде алдыңғы орынға ең маңызды нәрсені орнықтырмасақ, біз үшін оны адамдар немесе қоршап тұрған ортадағы жағдайлар істейді. Осындайлар болған жағдайда, мазасыздық және түңілу пайда болады. 

1. Тәңіріміз Иса Өзінің мақсатын білді.

«Сонда Иса: - Бүгін осы үй іші құтқарылды!  Бұл адам да Ыбырайым атаның ұрпағынан.  Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім, - деп жауап берді.»  (Лұқа 19:9-10).   

« Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.  Оған сенушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.»  (Жохан 3:17-18).

Лұқа жазған Ізгі хабар 15:1-11 біз үш түрлі затпен ұшырасамыз, олар жоғалған болатын: 

Қой өзі жоғалып кетті.

Күміс теңге кездейсоқ  жоғалды

Ұл біліп тұрып, өз еркімен жоғалды.

Біз өзіміздің өмірімізге алдыңғы орынға ең маңыздыны нәрсені орнықтырмай тұрып, бізге өзіміздің мақсатымызды білу керек.

Read more: Тәңіріміз Исаға қарайықшы!

   

Ыбырайымның өміріндегі Құдай

Жар. Баст. 12:8


Құрбандық ұсынатын орындар тұрғызу.

Біз Ыбырайымның өміріне қарағанымызда, оның Құдаймен өте тығыз қатынаста болғанын байқаймыз.  Ыбырайым құрбандық ұсынатын орындар тұрғызып және Жаратқан Иенің Атын шақыратын.  Іс жүзінде ол тек құрбандық ұсынатын орындар тұрғызды.  Біз, мысалы Ыбырайым зәулім сарай тұрғызыпты дегенді оқымаймыз.  Өмірінің соңында ол Сараға арнап қабір тұрғызды.  Бірақ ол әрбір мүмкіндікті құрбандық  ұсынатын орын тұрғызуға пайдаланды және өзінің өміріндегі оқиғалардың бәрін Құдаймен байланыстырды. Ыбырайымның тұрғызған құрбандық орындары бойынша, біз оның өмірінің биография – жоспарын құрастыра аламыз. 

Ыбырайым Құдайға табынды.  Бұл оның ең маңызды сабағы болды.  Мысалы, Ыбырайымның Оған табынған кездері:
- ол Мысырдан оралғанда (Жар. Баст. 13:2-4);
- ол Уәделенген Жердің көлемін көргенде (Жар. Баст. 13:14-18);
- Жаратқан Ие оған аян бергенде және оның атын Ыбырамнан Ыбырайымға
өзгерткенде (Жар. Баст. 17:3-5);
- ол Әбумәлікпен Бер-шабада келісім жасағанда  (Жар. Баст. 21:33).
Құрбандық ұсынатын орындарды тұрғызу жеңіл іс емес еді.  Ол үшін тастар және топырақ керек болды.  Осы құрбандық ұсынатын орындардың ішіндегі ең ауыр кезеңі Мория тауында болды.  Осы құрбандық ұсынатын орынды тұрғызу оның белін ауыртпай, мүмкін жүрегін кескілеген шығар.  Ыбырайым осы құрбандық ұсынатын орынды өзінің туған баласына тұрғызып жатқанын білді.  Құдайдың көз алдында Ыбырайым өзінің ұлын ұсынды.  Қошқар сол жерде кездейсоқ пайда болған жоқ.  Құдайдың Өзі Тоқтыны берді.

Read more: Ыбырайымның өміріндегі Құдай

   

Қазіргі балалар қандай хатқа мұқтаж?

1. Оларға Құдай туралы есту керек

Құдай – құтқарылудың көзі.  Балаларға Құдайдың кім және Ол не істейтіндігі туралы есіту қажет.  Балалар Құдай туралы жақсы білмесе, ешқашанда өздерінің күнә үшін жауапкершіліктерін түсінбейді. 

Сондықтан біз үйретеміз:
•    Құдай сені жаратты (Ел. Істері 17:23-29): сен Оның алдында жауап бересің.
•    Құдай саған Киелі кітап арқылы сөйледі (1Қорынт.3-4): Оны тыңдауға сен жауап бересің.
•    Құдай киелі және әділ (Ел. Істері 17:31): Ол сені соттауы керек. 
•    Құдай қайырымды және Ол сені сүйеді (Жохан 3:16): Ол сен үшін құтқарылу мүмкіндігін жасады.

Read more: Қазіргі балалар қандай хатқа мұқтаж?

   

Page 3 of 13

<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Джеймс Г. Сперджен жазған:

Жұмыс – бұл сіздің жеке таңдауыңыз;  қызмет Мәсіхтің шақыруының нәтижесі.  Жұмыста сіз аласыз, ал қызметте сіз бересіз.  Жұмыста сіз оның орнына бірнәрсе алуға бересіз, ал қызметте сізге берілгенді бересіз.  Жұмыс сіздің қабілетіңізге байланысты, ал қызмет сіздің Құдайға қызмет етуге дайындығыңызға байланысты.  Жақсы атқарылған жұмыс сізге мақтау әкеледі, ал жақсы орындалған қызмет Мәсіхке құрмет әкеледі. 

Бұл қызмет біздің Тәңіріміз және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің даңқы үшін атқарылады!

Сіз біздің қызмет үшін  Көктегі Әкеге сиынатын болсаңыз және осылардың мазмұнын өзгертпеймін деген шартты орындасаңыз,осы беттегі материалдарды көшіруге және пайдалануға болады.            
Біз сізге осы материалды қайдан алғаныңызды өзіңіздің тыңдаушыларыңызға және оқитын адамдарыңызға хабарлауыңызды ұсынамыз: www.proword.eu- интернетте «Құдай Сөзін жариялау!» қызмет беттерінде (Балаларға Ізгі Хабар тарқату Қоғамының Киелі Кітапты оқыту бойынша Халықаралық Қызметі).